Image
Атырау
Бөлісу:

Атырауда ерекше балалары бар отбасылар тұрмыс жағдайын жақсарта алады

269
Spread the love

Атырауда ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жағдайын жақсарта алады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов осындай балалардың ата-аналарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

атындағы оқушылар орталығында өткен жиында Абай, 50-ге жуық ерекше балалардың ата-аналары қатысты. Олар әкімге отбасыларының түйткілді мәселелерін айтты. Ең алдымен тұрғын үй.

«Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналар, толық емес отбасы мүшелері және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін жаңа бағдарлама енгізіледі. «Отбасы Банкі» АҚ-мен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша біз несиеге қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін беретін «Бақытты отбасы – Атырау» бағдарламасын іске қосамыз. Ол үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Бағдарламаға қатысушылар 20 жыл мерзімге 5 пайызбен тұрғын үй сатып алуға несие ала алады. Үй жалдауға ақшаңыз жетпейтінін жақсы білеміз. Сондықтан бұл бағдарлама бойынша баспанаға бастапқы жарнасыз қол жеткізуге болады. Атырау қаласында 18 млн теңгеге дейін, аймақтарда 13 млн теңгеге дейін несие беріледі», – деді Серік Шәпкенов.

Жиында денсаулық сақтау, білім беру, ортопедиялық аяқ киімнің сапасы, мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделуге ертіп баратын тұлғалардың шығындарын өтеу мәселелері де қозғалды.

Бөлісу: