Атырауда медицина қызметкерлеріне арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Атырауда медицина қызметкерлеріне арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

22 июня 2023

1125


Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды info.homsters.kz Атырау облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысындағы медицина саласындағы басты мәселелердің бірі – кадр мәселесі. Осы бағытта облыс басшылығы бұл мәселені шешу үшін барынша жан-жақты шаралар қабылдауда. Мәселен, биылдан бастап Атырау облысына жұмыс істеуге келген медицина мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда. Ол үшін медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасу үшін біржолғы материалдық көмектің мөлшері ұлғайтылды: қалада – 3 миллион теңгеге дейін, ауылдық жерлерде – 5 миллион теңгеге дейін. Сонымен қатар, тек Атырау қаласында ғана әрекет ететін арнайы бағдарлама бойынша дәрігерлер «Отбасы банкі» АҚ жергілікті филиалы арқылы – кепілсіз және жылдық 5 пайызбен баспана сатып алуға қатыса алады.

Әлеуметтік қолдау шараларымен қатар дәрігерлердің біліктілігін арттыруға да көңіл бөлінуде. Ол үшін алыс-жақын шетелдерден, сондай-ақ озық технологиялар қолданылатын республикалық клиникалардан мамандар Атырауға шақырылып, жергілікті кадрларды оқытуда. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 2023 жылға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, мыңнан астам атыраулық мамандарды, оның ішінде шетелдік жетекші клиникалардың базасында оқыту жоспарлануда.

Денсаулық сақтаудың қолжетімді және тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысында денсаулық сақтау саласын дамытудың бес жылдық тұжырымдамасын әзірлеу басталғанын бөлек атап өткім келеді. Тұжырымдама денсаулық сақтау саласындағы нысаналы индикаторларды жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, кадрлар тапшылығын азайтуға және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын арттыруға және көлемін кеңейтуге бағытталған.

Поделиться статьей:

22 июня 2023

1125

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.