Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылы 3 мыңнан астам отбасы пәтер кілтін алады

Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылы 3 мыңнан астам отбасы пәтер кілтін алады

23 июня 2023

1096


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров мәлім етті.

«Жұмыстың маңызды блоктарының бірі – азаматтарымыздың өмір сүруіне жайлы жағдай жасау. Бұл – тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, білім мен медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеру, жұмысқа орналасуға көмектесу. Өкінішке қарай, өткен жылы облыста жоспарланған тұрғын үй көлемі аяқталмай қалды. Біз кемшіліктерді ескеріп, мәселені шешу үшін мүмкін болатын шараларды қабылдадық. Құрылысты аяқтап, бюджеттік үйлердің инженерлік желілерін тартуға қосымша қаржы бөлінді», — деді А.Сапаров.

Оның айтуынша, қазір облыста 36 көпқабатты тұрғын үй салынуда, оның ішінде 16-сы коммерциялық. 2023 жылға арналған тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 300 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс сапасына нұқсан келтірмей, тұрғын үйлердің уақытында пайдалануға берілуіне барлық жағдай жасалуда. Жыл соңына дейін 3 мыңнан астам отбасы пәтер кілтін алады. Оның ішінде 702 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінеді. Оның 140-ы жетім балаларға беріледі.

Әкім көрсетілген көлемдер жеткіліксіз екенін де атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысының мәліметінше, 20 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр, оның төрттен үш бөлігі облыс орталығында. Сондықтан тұрғын үй құрылысының көлемі жыл сайын арта бермек.

Дереккөз: inform.kz

Поделиться статьей:

23 июня 2023

1096

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.