Түркістан облысында жыл соңына дейін 65 көпқабатты үй пайдалануға беріледі

Түркістан облысында жыл соңына дейін 65 көпқабатты үй пайдалануға беріледі

30 июня 2023

1303


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс саласында атқарылып жатқан жобаларға тоқталды.

«Түркістан облысында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Бес жылда құрылыс көлемі 2,5 есеге өсіп, 351 млрд теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі екі есеге артып, 864 мың шаршы метрге жетті. Бес жылда 4420 отбасылар коммуналдық тұрғын үймен қамтылды «7-20-25» бағдарламасы бойынша және «Отбасы банкінен» 5 мыңнан астам отбасы әлеуметтік ипотекалық пәтерлерді сатып алды», — деді Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

2 мыңнан астам отбасы жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялаудың жеті бағдарламасымен қамтылған.

«221 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Түркістан облысында биыл 205 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 211 мың шаршы метрді құрайтын 65 көпқабатты үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде 3557 отбасы өз баспанасына ие болады», — деп түйіндеді сөзін әкім.

Дереккөз: inform.kz

 

Поделиться статьей:

30 июня 2023

1303

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.