«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері Жамбыл облысының құрылыс салушыларымен кездесті

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері Жамбыл облысының құрылыс салушыларымен кездесті

21 июля 2023

763


Бүгін «Атамекен» ӨКП алаңында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері өңірлік құрылыс салушылармен кездесті. Онда «Үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру және құрылыс салушыларға несиелерді субсидиялау тетіктері» таныстырылды. Құрылыс салушыларға Бірыңғай оператордан кепілдік алу талаптары, кепілдік беру кезінде келісім-шарттардың барлық түрлерін жасасу тәртібі, заңнамада көзделген субсидияларды алуға өтініш беру тәртібі туралы толық ақпарат берілді.

Қатысушылар үлестік құрылыс бизнесі үшін жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылады. Айта кетейік, 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бұйрығына енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді) «ҚЖК» АҚ Кепілдік алу құжаттары 2 есеге қысқарды. Бұйрыққа өзгертулер қабылданғанға дейін құжаттар саны 43 болса, қазіргі уақытта 23-ке жетті.

Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қойылған міндеттердің тиімділігін арттыру мақсатында «ҚЖК» АҚ тұрақты түрде ақпараттық қамту арқылы еліміздің өңірлеріндегі негізгі мақсатты аудиториялар арасында жұмысты жалғастырады.

Баспасөз қызметі

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ

+7 7172 797575, іш. 2394

+7 701 999 5010

pr@khc.kz, www.khc.kz

 

Поделиться статьей:

21 июля 2023

763

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу