Абай ауданында үшем дүниеге келген отбасына пәтер сыйға тартылды

Абай ауданында үшем дүниеге келген отбасына пәтер сыйға тартылды

7 августа 2023

229


Абай ауданы құрылғаннан бері тұңғыш рет үшем дүниеге келді. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жас отбасын осындай айтулы оқиғамен құттықтап, Семей қаласынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды info.homsters.kz Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дана халқымыз балаға береке, береке сыйлаған. Сіздер ауданымызда тұңғыш үшемнің ата-анасы атанған бақытты жандарсыздар. Болашақта Бегімай, Бек-Мұхаммед, Бегайым еліміздің лайықты азаматтары болып, барлық үміттеріңізді ақтайтынына сенімдімін», — деді Нұрлан Ұранхаев құттықтауында.

Айта кетейік, жас отбасы осы уақытқа дейін Жарма ауданы Қалбатау ауылында пәтер жалдап келген. Үшем дүниеге келгенге дейін бес баланы тәрбиелеп өсірген. Сондықтан отбасы облыс әкіміне ерекше ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.

«Біздің қуанышымызда шек жоқ. Облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Біз бір-екі апта бұрын өтінішімізді білдірдік. Ал енді 3 бөлмелі пәтерге ие болатынымызға қуаныштымыз. Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін бұл шын мәнінде үлкен қуаныш. Еліміз, өңіріміз көркейе берсін. Сіздерге көп рахмет», – дейді көпбалалы отбасы.

 

Фото дереккөзі: Абай ауданы әкімдігінің сайты

Поделиться статьей:

7 августа 2023

229

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.