Солтүстік Қазақстан облысы ауылында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлер неге бұзылды

Солтүстік Қазақстан облысы ауылында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлер неге бұзылды

9 августа 2023

208


Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған төрт үй бөлшектенді. Жағдайға облыс әкімдігінде түсініктеме берілді.

Әлеуметтік желіде ауылдан видео пайда болды.

Видео авторы қазіргі жағдайды түсінуді сұрайды. Оның айтуынша, қабырғалар былтыр сүріліп, әзірге ешқандай жұмыс жүргізілмеген.

Облыс әкімдігі бұл үйлердің құрылысына бюджет қаржысы игерілмеген деп сендірді. Кәсіпкер көшіп келушілерге үй салумен айналысқан.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік «Еңбек» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Сарытомар ауылында 2021 жылы МЖҚ-ға арналған үйлердің құрылысын бастады. Құрылыс жұмыстарының сапасы — іргетас құю және қабырғаларды қалау туралы ескертулерге байланысты құрылыс тоқтатылды. Осыдан кейін жеке кәсіпкер бой көтерген ғимараттарды бөлшектеуге бел буған. Ол қабырғаларды алып тастады, іргетасты бұзу мүмкін болмады. Жеке кәсіпкер Сарытомар ауылында үй салуға бюджет қаражатын алмаған», — деп түсіндірді облыс әкімдігінде.

Сарытомар ауылында 228 адам тұрады. Екі жылда халық саны 20 адамға өсті.

Дереккөз: inform.kz

 

Поделиться статьей:

9 августа 2023

208

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.