Image
Алматы
Бөлісу:

25 жастағы жігіт Алматыда жалға берілетін пәтерлер туралы жалған хабарландыруларды желіде таратқан

243
Spread the love

«Алматыда жалға берілетін пәтерлер туралы жалған хабарландыруларды 25 жастағы жігіт желіде таратқан», – деп хабарлайды info.homsters.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының тұрғыны, 1998 жылы туған азамат Т. қылмыстық іс-әрекет жасады.

Ақпараттық интернет ресурстарды пайдалана отырып, жас жігіт тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған.

– Іс жүзінде жауапкерде жылжымайтын мүлік болмаған. Ол риэлторлық қызмет көрсетпейді.  Мұндай іс-әрекетке барудағы басты мақсат, оңай пайда табуға ұмтылыс болған. Тергеудің осы кезеңінде оның осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның қатысы бар болуы мүмкін басқа да қылмыстарды жоққа шығармаймыз. Осыған орай, аталған тұлғаның әрекетінен зардап шеккен азаматтардың мына телефондар арқылы хабарласуын сұраймыз: 8-705-555-77-63; 8-778-591-91-35», – деп түйіндеді Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Олжас Шәріпов.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратуға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбір адам өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенше кінәсіз деп саналады.

 

 

Бөлісу: