Алматыда құрылыс нысандарына бақылау күшейтіледі

Алматыда құрылыс нысандарына бақылау күшейтіледі

14 сентября 2023

235


Алматыдағы құрылыс нысандарын тексеру үшін ГАСК қызметкерлері бұдан былай тұрғындардың ресми өтінішін қажет етпейді. Олар қаладағы барлық құрылыс нысандарын кез келген уақытта емін-еркін тексере алады. Бұл туралы РСК брифингінде УГАСК басшысының орынбасары Олжас Төлебаев мәлімдеді.

«Тексеру жүргізу тәртібін қайта қарау және салынып жатқан нысандарға бақылауды күшейту бойынша түзетулер енгізіледі», — деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, қазір тексеруді ұйымдастыру үшін тұрғындардың ресми өтініші қажет. Онсыз басқарма қызметкерлері құрылыс алаңын тексеруге келе алмайды. Бұған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған.

krisha.kz сайтының хабарлауынша, тиісті заң жобасы қазірдің өзінде парламенттің қарауына жіберілген.

Сондай-ақ Алматыда жыл басынан бері 740 жоспардан тыс тексеру жүргізілгені белгілі болды. Мыңға жуық түрлі заңбұзушылықтар анықталып, 250-ге жуық компания құрылыс лицензиясынан айырылды.

Заңсыз тұрғызылған 19 нысан бұзылды.

Поделиться статьей:

14 сентября 2023

235

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.