Алматы жылу маусымына дайын ба?
Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен инженерлік желілерінің қысқа дайындығы бүгінде 95 пайызды құрап отыр. Мұндай деректер әкімдікте өткен жиында айтылды.
Жылыту барлық нысандар қосылуға толық дайын болғаннан кейін және ауа райы бес күн бойы +8 градус немесе одан төмен болғаннан кейін қосылады.
Былтыр Алматыда жылу беру маусымы 17 қазанда басталған болатын.
Жоспар бойынша 1 қазанға дейін алдағы жылыту маусымына толық дайындық қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күні деректер келесідей:
— жылу желілерінің дайындығы — 91%;
— электр желілері — 99%;
— сумен қамтамасыз ету — 100%.
Нысандардың өздеріне келетін болсақ, олар да қысқа дайын:
— тұрғын үй қоры — 96%;
— білім беру объектілері — 98%;
– денсаулық сақтау нысандары – 98%.
Биыл Алматыда қайта жаңғыртудан кейін «Южная» қазандығы іске қосылады. Ол 200 мыңнан астам тұтынушыны, оның ішінде Бостандық ауданындағы бірнеше жаңа тұрғын үй кешендерін жылумен қамтамасыз етеді.
Бұл мәселе Алматы әкімінің жеке бақылауында.
Дереккөз: