Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үйді сатып алуға кім өтініш бере алады

179
Spread the love

Бұрын хабарланғандай, қазақстандықтар өздері жалға алған мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана сатып ала алады. Брифингте ҚР Көлік және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үйді жекешелендірудің қандай тетіктері қарастырылып жатқанын айтты.

– Индустрия және құрылыс министрлігі үкіметке заңнамалық түзетулерді ұсынды. Үкімет оларды Мәжіліске өткізді. Министрліктің нормативтік-құқықтық базасында заңнамалық өзгерістер мен заңнамалық түзетулер бар. Пәтерлерде тұрып жатқан адамдар басым құқықтарға ие болады. Шарттары алдын ала анықталды – 5 жыл тұрып жатқан адамдар өздері жалдап тұрған баспананы сатып алуға өтініш бере алады, деді Қанат Шарлапаев брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта баланстық құны бойынша тұрғын үйді сатып алуды қамтамасыз ету бойынша консультациялар жүргізілуде.

– Бұл механизмді түпкілікті іске асыру туралы айту әлі ерте. Жаңа ғана Мәжілістің қарауына бердік. Бұл түзету Мәжілісте қолдау тауып, осы пәтерлерде тұратын тұрғындарға толыққанды меншік иесі болу мүмкіндігін бере аламыз деп сенемін», – деп қосты Қанат Шарлапаев.

Дереккөз: inform.kz

Бөлісу: