Қазақстандықтар газдандыруға техникалық шарттарды қашықтан ала алады
eGov.kz порталында газ тарату желілеріне қосылудың техникалық шарттарын алуға өтініш беруге болады.
Тұрғын үйлер мен нысандардың иелері бұл қызметті тегін ала алады. Ол үшін барлық жолдарды толтырып, көрсетілген мекенжай бойынша құқықтар мен ауыртпалықтар туралы ақпаратты растау керек. Бұл туралы электронды үкімет порталында хабарланды.
Жаңа онлайн сервистің арқасында үйлерді көгілдір отынға көшіру оңай әрі ыңғайлы болды. Енді газ желілеріне қосылуға қажетті техникалық шарттарды алу үшін жеке үйлер мен нысандардың иелері бұдан былай үйлерінен шығудың қажеті жоқ.
-Біз, Энергетика министрлігі мен «ҚазтрансАймақ» АҚ бұл қызметті онлайн режиміне көшірдік. Дайын құжатты eGov.kz жеке кабинетінде көруге болады», – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жаңа қызмет «Электрондық үкімет» порталында «Жылжымайтын мүлік» – «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бөлімінде қолжетімді.
«Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру» қызметін көрсету нысанның күрделілігіне байланысты әртүрлі уақытты алады. Техникалық күрделілігі жоқ объектілер үшін қызмет 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Күрделі объектілер үшін қызметтерді көрсету 10 жұмыс күнін алуы мүмкін. Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін клиент техникалық шарттар туралы құжатты немесе дәлелді бас тартуды алады.
Бұл қызметті көрсету Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитетінің, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.