Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Елбасы Талдықорған қаласының жаңа шағын ауданында болды

401
Spread the love

Мемлекет басшысы Жетісу облысының орталығында салынып жатқан жаңа шағын ауданды аралап, оның аумағында салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды akorda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа шағын ауданда жалпы ауданы 122,6 мың шаршы метрді құрайтын 1510 пәтерлік 41 тұрғын үй салынып жатқаны туралы хабарлады. Құрылысқа 28,3 млрд теңге бөлінді.

Талдықорған әкімінің айтуынша, өткен жылы бұл ауданда 44,1 мың шаршы метрді құрайтын 509 пәтерлі 14 үй пайдалануға берілген. Биылғы жылдың соңына дейін 783 пәтерлі тағы 21 үйдің, ал 2024 жылы қалған 218 пәтерлі 6 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жыл соңына дейін Талдықорғанда жалпы ауданы 155,2 мың шаршы метрді құрайтын 2065 пәтер, 2024 жылы 2375 пәтер пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Қаратал өзенінің оң жағалауын дамыту қарастырылған.

Қала басшылығының хабарлауынша, жақын арада 28 мыңнан астам адам немесе қала халқының 14 пайызы жаңа шағын аудандардың жаңа тұрғындары болады. Осы мәселелерді ескере отырып, азаматтардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында аталған шағын ауданда қуаттылығы сағатына 50 Гкал газ қазандығы мен 1200 орындық мектеп салу қажеттігі айтылды.

Жиын соңында Елбасы Үкіметке осы мәселелерді зерделеп, тиімді шешімдер қабылдауды тапсырды.

 

Фото дереккөзі: сайт akorda.kz

Бөлісу: