Image
Астана
Бөлісу:

Астанада жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй: 5,6 мыңнан астам өтініш түсті

188
Spread the love

12 қарашада Астанада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Барлығы qatysu.zhilfond.kz порталына елорда тұрғындарынан 5 623 өтініш келіп түскен. Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығы жоқ «Жалдамалы баспана» бағдарламасы аясында қатысушылар арасында 770 пәтер бөлінеді.

Азаматтардың өтініштерін қарау жағдайы туралы ақпарат өтініш беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі.
Нәтижесі zhilfond.kz сайтында жарияланады.

Бөлісу: