Абай ауданының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда

Абай ауданының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда

7 декабря 2023

1358


Абай ауданы әкімдігінде облыс әкімінің төрағалығымен Абай ауданындағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешуге бағытталған облыстық қоғамдық жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс барысында аз қамтылған және көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, Аягөз ауданындағы көп балалы отбасылармен жұмыс жөніндегі комиссияның жұмысы, Семей қаласының Комсомольский ауылындағы инфрақұрылымды дамыту (жолаушылар тасымалы, жарықтандыру, аялдамалар, жол жөндеу және т.б.), сондай-ақ алимент төлеуге қатысты жеке сот орындаушыларының тиімді жұмысы.

Мәселен, 2023 жылдың 10 айында 527 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде әлеуметтік жағынан осал отбасылар – 244, көп балалы отбасылар – 161, жетім балалар – 55, жалғыз баспанасы қауіпті деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары – 14 отбасы. Жыл соңына дейін тағы 150-ге жуық пәтер беру жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қазіргі таңда облыста мемлекет қаржысына 26 несиелік үй салынуда, бұл 1500-ге жуық пәтер беріп, халықтың жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді бақылауға алу облыс әкімі Абайға хаттамалық тапсырма берілді.

Поделиться статьей:

7 декабря 2023

1358

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу