Қазақстанда құрылыс салушылардың жауапкершілігі қалай қатайтылады

Қазақстанда құрылыс салушылардың жауапкершілігі қалай қатайтылады

18 января 2024

991


Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Құрылыс кодексінің жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мақұлдады, деп хабарлайды BaigeNews.kz .

Жаңа Құрылыс кодексі сәулет пен қала құрылысының прогрессивті және жүйелі тетіктерін қолданады, сонымен қатар құрылыс кезеңдерін онлайн бақылауға мүмкіндік беретін e-Qurylys ақпараттық жүйесін енгізеді.

Депутат Нұртай Сабильянов заң жобасында құрылыс сапасын арттыру, сейсмикалық аймақтардың жобалық ерекшеліктерін реттеу және нысандарды пайдаланудың кепілдік мерзімін екі жылдан бес жылға дейін ұлғайту көзделгенін атап өтті. Жаңа Құрылыс кодексі 250 баптан тұрады және төрт кодекс пен 13 заңға өзгерістер енгізуді қарастырады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін қала құрылысы кодексін үкіметке қабылдауды тапсырған болатын.

Поделиться статьей:

18 января 2024

991

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу