Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылында 30 қаңтар күні сағат 00. 07 мин. Екі қабатты 12 пәтерлі үйде екінші қабаттағы пәтерде бөтелкедегі газ жарылды. Пәтер үстіндегі шатыр, қабырғалары мен төбелері, оның ішінде бірінші қабаттағы пәтер толығымен опырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми қызметі.
Басқа пәтерлер де жартылай зақымданған.
Үйде барлығы 46 адам болған, жарылыс кезінде оның ішінде 35 адам болған.
Құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі қаза тапқан және бес жараланған, оның ішінде үш бала шығарылды.
Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылды. Қазір құтқару жұмыстары аяқталды.
Өңірдегі медициналық мекемелерге зардап шеккен бес адам жатқызылды, оның үшеуі бала. Екі бала амбулаторлық емге шығарылды, бір бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына қанағаттанарлық жағдайда жеткізілді. Екі ересек науқастың бірінің жағдайы өте ауыр (күйіктердің 80%-ы), екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Науқастар барлық қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.
Оқиға орнына жедел штаб құрылды. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде (8-7212) 51-72-23 телефоны бойынша сенім телефоны ашылды. 25 тұрғынға жедел психологиялық көмек көрсетілді.