Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында

14 февраля 2024

980


Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров құрылыс көрсеткіштерінің өсімі туралы баяндады.

Оң динамика 16 өңірде байқалып, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ға өсті. Әсіресе, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай облысында айтарлықтай өсім байқалды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 3 пайызға артық, дейді Нұрлан Байбазаров.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысының ең жоғары өсімі Астанада, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалады.

Ол сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің 0,4%-ға өскенін хабарлады.

— Ең жоғары өсім Абай, Жетісу облыстары, сондай-ақ Алматы және Қызылорда облыстарында байқалды. Барлық 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өсім 3 өңірде – Қызылорда мен Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астанада байқалады, деп қосты Премьер-Министрдің орынбасары.

Дереккөз: inform.kz

Поделиться статьей:

14 февраля 2024

980

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу