Наурызнама: Жаңатас қаласының көп балалы тұрғынына пәтер берілді
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Наурыз мейрамының онкүндігі аясында қайырымдылық шаралары өткізілуде, мәселен, облыс орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ауызашар өтті. Қазақстан.
— Биыл Ауызашар Алғыс күні — Қайырымдылық күнімен тұспа-тұс келді. «Қибатулла Тарази» мешітіне қасиетті Рамазан айында ораза ұстағандар, оның ішінде ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, көп балалы аналар, еңбек адамдары шақырылды, деп атап өтті басқармадан.
Облыс әкімі Ербол Қарашүкеев жиналғандарды қасиетті Рамазан айы мен Наурыз мейрамымен құттықтап, ауышашарға келген баршаға Елбасының атынан алғысын білдірді.
Сарысу ауданы, Жаңатаса қаласының тұрғыны Роза Жақсыпейіловаға пәтер кілті салтанатты түрде табыс етілді.
– Менің қуанышымда шек жоқ. Бұл мен үшін үлкен тосын сый болды, осындай көмек көрсеткен адамдарға алғысым шексіз», – дейді үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Роза Жақсыпейлова.
Мойынқұм ауданында «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі екі жүзге жуық тұрғынға, көп балалы, аз қамтылған және жалғызбасты азаматтарға көмек көрсетілді.
Өңірдегі әлеуметтік орталықтар мен мекемелерде мерекелік іс-шаралар өткізіліп, демеушілердің жарналары арқылы 800-ге жуық қызмет алушыға қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттер табысталды.
Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталығында «Балалар – біздің бақытымыз» атты мерекелік шара өтті. Бұл орталықта 107 бала білім алуда. Оларға «Ас-отау» аспаздық, «Сымбат» киім тігу, «Жібек» бейнелеу өнері, «Балауса» биі, «Прима» театры, «Томирис» сұлулық мектебі арқылы кәсіби бағдар беріледі. Сонымен қатар футбол, еркін күрес, армрестлинг және баскетболдан спорттық секциялар жұмыс істейді.
Орталық оқушылары өздерінің өнерлерін көрсетіп, арнайы дайындалған сыйлықтарға ие болды.
— Облыстағы білім ошақтарында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Осылайша, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бастамасымен «Жазғы ваучер-2024» қайырымдылық жобасы жүзеге асырылуда. Бүгін жоба аясында облыс бойынша ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда үздік оқу нәтижелері мен жетістікке жеткен 1715 белсенді оқушы жолдамалармен марапатталды. QH Summer Pass жобасы мектептегі жазғы демалыс кезінде интеллектуалды және шығармашылық белсенділікті дамытады, деп түсіндірді департамент.
Дереккөз: inform.kz