Алматылық құтқарушылар 20 қызметтік пәтер алды

Алматылық құтқарушылар 20 қызметтік пәтер алды

23 мая 2024

727


Салтанатты шарада Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бағдат Чайзада басқарма басшысының атынан радиотелефоншыларға, өрт сөндірушілерге, жүргізуші-нұсқаушыларға, бөлім командирлеріне және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметкерлеріне кілттерді табыс етті.

Қызметтік пәтерлер өндірістік аймақтың жаңа өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында және Алатау ауданы, Карпатская көшесіндегі No14 өрт сөндіру бекетінің күрделі жөндеуден өткен ғимаратында орналасқан.

Бағдад Чайзада әрбір қызметкердің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін шексіз алғысын білдіріп, қызметтік пәтер кілттерінің табыс етілетінін жариялап, бұл олардың еңбегін мойындау екенін баса айтты. Сондай-ақ, әкімдіктің қолдауымен қызметкерлердің жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін тұрғын үй-жайлары бар жаңа өрт сөндіру бекеттері салынатынын хабарлады. Чайзада әрбір қызметкерді баспанамен қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданатынына сендірді, олардың үйлері әрқашан жылы, жайлы, достық пен сүйіспеншілікте болғанын қалайды.

Поделиться статьей:

23 мая 2024

727

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.