Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Павлодар соты жетім баланы баспана кезегінен шығаруды даулады

353
Spread the love

Павлодар облысының соты жетім баланың тұрғын үй құқығын қалпына келтірді.

Жас жігіт 2009-2016 жылдар аралығында Павлодар қаласындағы мектеп-интернатта тәрбиеленіп, тұрды, сол кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке тұрған. Алайда, екібастұзға жұмысқа тұруға мәжбүр болған соң, тұрақты тұрғылықты жерін ауыстырамыз деген желеумен оның аты-жөні тұрғын үй алуға үміткерлер тізімінен алынып тасталды. Соттың арқасында ғана әділеттілікті қалпына келтіруге мүмкіндік туды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жас жігіт кәмелеттік жасқа келгеннен Екібастұз қаласында еңбекке араласқанға дейін жалдамалы баспанада тұрған.

Павлодар облыстық сотының судьясы Марат Дикенов сот «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73-бабының 1-тармағында көрсетілген әділдік пен парасаттылық қағидаттарын негізге ала отырып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ресми түрде тұрғын үйге мұқтаж және тиісті тәртіпте есепте тұрғандар тұрғын үй берілгенге дейін кезекте тұруға құқылы. Осыған орай, тұрақты тұруға негіз ретінде жұмыс орны бойынша уақытша тіркеуге шағымданған арызданушының тұрғын үй құқығы қалпына келтірілді. Тиісті сот шешімі заңды күшіне енді.

Бөлісу: