Оралда су тасқынынан кейін 2600 үй техникалық байқаудан өтті

Оралда су тасқынынан кейін 2600 үй техникалық байқаудан өтті

14 июня 2024

921


Оралда су тасқынынан келтірілген материалдық шығынды бағалау жөніндегі қалалық комиссияның кезекті 10-шы отырысы өтті.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халеловтың айтуынша, бүгінге дейін 10 мыңнан астам материал қаралып, 400 тұрғынды баспанамен қамту туралы шешім қабылданған. Оның айтуынша, жеке тұрғын үй деп танылған 4500-ден астам үйдің 2600-ден астамына техникалық байқау жүргізілген.

– Зақымданған мүлікті бағалауға 10 мыңнан астам өтініш түсті. Қазіргі таңда 2500-ден астам үйдің бүлінген мүлкі анықталып, өтемақы төленуде. Саяжай үйлеріне де техникалық тексеру және мүлікті бағалау жұмыстары жалғасуда, деді А.Халелов.

Оралда су тасқынынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған 71 отбасы баспаналы болды.

Бұған дейін Оралда су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына жаңа пәтерлер берілгені хабарланған болатын.

Дереккөз: Kazinform

Поделиться статьей:

14 июня 2024

921

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу