Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Жамбыл облысы Т.Рысқұлова ауданы Құлан ауылында 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді..

283
Spread the love

Шаңырақ көтергендердің арасында көп балалы аналар, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан ауыл тұрғындары мен жетім балалар бар, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі.

Айта кетерлігі, тұрғын үй құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді. Жаңа ғимаратта бір бөлмелі 20, екі бөлмелі 20 және үш бөлмелі 40 пәтер бар.

Бүгінде Т.Рысқұлов ауданында екі мыңға жуық ауыл тұрғыны баспана кезегіне тіркелген. Олардың кейбіреулері биылғы жылы кезектен шығуы мүмкін – қаңтар айына дейін тағы 60 пәтер тапсырылады деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында биыл 2909 пәтерлі 56 тұрғын үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін 54 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ күзде 14 шағын ауданда 22 тұрғын үй салу жоспарлануда.

Фото дереккөзі: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу: