Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 430-дан астам үй сатып алынды

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 430-дан астам үй сатып алынды

19 июля 2024

948


Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Ақтөбе облысында су тасқынының салдарын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда зардап шеккен отбасылар үшін 6 ауданда 511 тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ осы аудандар мен Ақтөбе қаласында судан қираған апатты үйлердің тұрғындары үшін 503 үй сатып алынады. Бүгінгі таңда 438 отбасына баспана сатып алынды. Оның 135-і облыс орталығында. Қазір тағы 60 отбасына баспана алу үшін құжаттары дайындалуда.

Табиғат апатынан зардап шеккен 4 мыңнан астам ақтөбеліктен түскен арыздар бойынша үйлер тексеріліп, сараптама комиссиясы жұмысының қорытындысы таныстырылды. Комиссия қорытындысы бойынша 3621 үй жөндеуге жатады.

Поделиться статьей:

19 июля 2024

948

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу