Image
Ақтөбе
Бөлісу:

Ақтөбе облысының Мұрғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 14 үй салынуда.

202
Spread the love

Мұғалжар ауданындағы су тасқыны кезінде 76 тұрғын үй мен 3 коммерциялық нысан зақымданса, 8 ауыл шаруашылығы нысаны қирап қалды. Зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам сомаға біржолғы көмек көрсетілді. Қазір ауданда 7 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда су тасқыны кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында 9, Бірлік ауылында 5 үй салынуда.

Үйлерді «Айлин СтройПроект» ЖШС салуда.

Сондай-ақ Мұғалжар ауданында зардап шеккен 55 отбасы баспаналы болды. Бұл Ембі қаласы, Жағабұлақ, Бірлік, Басшилі, Қаракөл, Шеңгелші ауылдарының тұрғындары. Болат Өтемұратов, «Қамқор Ақтөбе – 2024» және «Дар қайырымдылық» қоғамдық қорларының қаражатына зардап шеккендерге дайын үйлер сатып алынды. Бұл мақсатқа 971 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Дереккөз: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу: