Шалқар қаласында 3 арендалық және коммуналдық тұрғын үй салынуда

Шалқар қаласында 3 арендалық және коммуналдық тұрғын үй салынуда

22 июля 2024

799


Бүгінде облыс бойынша баспана кезегінде 670 адам тұр, деп хабарлайды info.homsters.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Шалқарда облыс әкімі үш коммуналдық үйді аралап көрді. Олардағы баспаналар ЖБҚ кезекте тұрғандарға жалға беріледі.

Үйлер екі қабатты, әрқайсысы 8 пәтерден тұрады. Барлығы үш ғимаратта екі бөлмелі 18 пәтер және үш бөлмелі 6 пәтер бар. Мердігер «Қолғанат Құрылыс» ЖШС үйлерді ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Асхат Шахаров облыс орталығындағы 320 орындық No5 мектеп-лицейде де болды. Бұл білім ордасының құрылысы облыс әкімінің жіті бақылауында. Өйткені, мердігер ұйым «ГрадСтройСервис» ЖШС нысандағы жұмысты толық аяқтамаған. Сондай-ақ оларға кәріз желісі мен ашық спорт алаңын салу талап етілді. «Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде», — дейді мердігерлер. Аймақ басшысы барлық жұмыстарды оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.

Шалқар қаласында барлығы 9 орта мектеп және 1 бастауыш мектеп бар. 1-11 сынып аралығында 5 840 бала оқиды, 13 балабақшаға 1 479 бала барады.

Поделиться статьей:

22 июля 2024

799

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.