Image
Астана
Бөлісу:

Биыл Астанада 6 студенттік жатақхана салынады

120
Spread the love

Елорда әкімі Instagram желісіндегі парақшасында қаладағы жатақханалар құрылысының барысы туралы айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астанаға оқуға келетін студенттер саны жыл сайын артып келеді.

Бүгінде жоғары оқу орындарында 16 мың орындық 40-тан астам студенттік жатақхана бар.

Жалпы қажеттілік 6 мың 400 төсекке жуық.

Тиісті министрліктермен, жоғары оқу орындарымен, инвесторлармен бірлесе отырып, жатақханадағы орындарды көбейту жұмыстарын жүргізудеміз. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттер жатақханасының құрылыс барысымен танысты.

Биылғы жылы МКҚК аясында алты жатақхана салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Олар 4,5 мыңға жуық орын ашады.

2025 жылы тағы 2 жатақхана пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, өз тарапымыздан жатақхана салу үшін тағы 4 жоғары оқу орнына жер телімдерін бөлдік.

Өткен жылы 1800-ден астам төсек орын ашылды.

Сонымен қатар, 2023 жылы студенттік жатақхана құрылысының жобалық кеңсесі ашылды. (Бейбітшілік к-сі, 9). Фронт-офистің негізгі міндеті – студенттерді жатақхана салу және тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау, жоғары оқу орындары мен әлеуетті инвесторларға құқықтық, консультациялық, сараптамалық қолдау көрсету», – деді әкім.

 

Бөлісу: