Ақтөбе облысында жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд теңге бөлінді
Қазақстанда жастарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Ақтөбе облысында екінші кезеңнің басталуы Халықаралық жастар күніне орайластырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд теңге бөлінді, оның 500 млн теңгесі жергілікті бюджеттен. Жыл соңына дейін облыста 100-ге жуық тұрғынды баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Айта кету керек, 35 жасқа дейінгі жас мамандар мемлекет қолдауымен баспана ала алады. Несие беру кезінде олардың жеңілдік шарттары бар: бастапқы жарна – 10%, жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 5-6%, несиенің максималды сомасы – 18-20 миллионға дейін, несие мерзімі 19 жылға дейін.
Облыстық әкімдіктер өңірдің кадр қажеттілігіне қарай қызметтің басым бағыттарын айқындайды. Әлеуметтік қызметкерлерге ерекше назар аударылады: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау және т.б.
Бүгінде жас мамандарға жеңілдетілген несиелер еліміздің 17 өңірінде бар. Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл мәселе даму сатысында.
Механизмді қаржыландыру көздері жергілікті бюджеттер және «Отбасы Банкі» АҚ-ның бірлескен қаржыландыруы болып табылады.