Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 114 үй салынуда
Су тасқынынан зардап шегіп, баспана алған Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлауда.
— Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 114 үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары тамыз айының соңына дейін аяқталады. Оның 14-і қоныс тойы тойланатын аудан орталығы Жымпитыда аяқталды. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады, деп хабарлады Индустрия және құрылыс министрлігі.
Қазақстан Республикасы Темір жол министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 775 жеке тұрғын үйдің 80-і, сонымен қатар, зардап шеккен отбасыларға қайталама нарықтан 1098 үй сатып алынған 1310 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Дереккөз: Kazinform