Баспана және жұмыспен қамту: астаналық жастарға қандай жағдай жасалған
Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев РСК брифингінде қаладағы тұрғын үй бағдарламалары мен жастарды жұмыспен қамту жобалары туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мәселен, биыл 1 ақпан мен 6 ақпан аралығында «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініштер қабылданды. 200-ге жуық несие берілді. «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жыл соңына дейін жоспарлануда.
Ал елордалық жастарды жұмыспен қамту үшін «Еңбек ұтқырлығы орталығымен» бірлесіп бірнеше бағдарлама жүзеге асырылуда. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша барлығы 9 мыңнан астам жас жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
Мәселен, «Жасыл ел» жобасы бойынша 2 айда 3700 адам жұмысқа орналастырылды. Жаздың соңына дейін 4200 адам қамтылады.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза Дүйсенбі», «Сәтті сәрсенбі», «Жасыл Астана» сияқты іс-шараларға да жастар қатысады. «Таза Қазақстан» акциясының мақсаты – тазалық күндеріне қатысу ғана емес, жастарды жаман әдеттерден бас тартуға шақыру. Мысалы, насыбайды жағу бойынша ауқымды акция, «Тәуелділікті спортқа айырбастау» акциясы және есірткі заттарының жарнамасын бояу бойынша рейдтер тұрақты түрде жүргізілуде», – деді Самат Ибраев.
Сондай-ақ елордада JOLTAP жобасы тұрақты табысқа қол жеткізгісі келетіндер үшін танымал.
«Қала тұрғындары 8 модуль пунктіне хабарласып, қысқа мерзімді оқуға жазыла алады. 4,3 мың азамат өтініш білдіріп, мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңестер алды, сондай-ақ көгілдір жұмыс пен цифрлық дағдылар бойынша қысқа мерзімді оқуға жазылды», – деп қосты Самат Ибраев.