Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Түркістан облысында жалға берілетін үйлер салынып жатыр

135
Spread the love

Түркістан облысында халықты баспанамен қамтамасыз ету және жалға берілетін пәтерлер сатып алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл маңызды мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Жаңа тұрғын алабында жеке инвесторлар есебінен жалға берілетін үйлер салынуда. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай 10 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, жауапты мердігерлермен кездесті. Салынып жатқан үйлердің сапасы жіті бақылауда. Бұл пәтерлер ауданда баспана кезегінде тұрған азаматтарға бөлінеді. Қазіргі таңда Отырар ауданында 2303 адам баспана кезегінде тұрған.

Биылғы жылы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін республикалық және облыстық бюджеттен 2469 пәтер сатып алуға 44,8 млрд теңге бөлінді. «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» тұжырымдамасы аясында 500-ден астам пәтер сатып алуға қаржыландыру қарастырылған. Пәтерлер кезекте тұрған аудандар мен қалалар арасында тең бөлінеді. Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 300 мың теңгеден асады.

Белгіленген ережелерге сәйкес, тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері аукциондарда беріледі. Құрылыс компаниясы қажетті құжаттарды дайындап, құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Дайын үйлерді кейіннен әкімдік мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы сатып алып, кезекте тұрған азаматтарға береді.

Бүгінге дейін Түркістанда 20 көпқабатты үйден 1628 пәтер сатып алынды. Аудан, қалалардан 1000-ға жуық пәтер сатып алу жоспарлануда. Тағы 2469 пәтер республикалық бюджет қаражатына сатып алынады. Қазір облыс пен қалада 3000 пәтер салынып жатыр. 13 ауданда 545 пәтер жоспарланғаннан артық салынып жатыр.

Елімізде 650 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұрса, оның 65 мыңнан астамы Түркістан облысының тұрғындары. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Тұрғын үй кезегінде көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдар тұр.

Бөлісу: