Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы жинақтарын пайдалану жөніндегі бастамасын жүзеге асыру барысы туралы айтты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БЖЗҚ-ның өмір сүру жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы бастамасын іске асыру аясында жалпы сомасы 1,92 триллион теңгеге 470 122 өтініш орындалды», — деді Берік Уәли.
Олардың ішінен:
- 1,36 трлн теңге (70,62%) – тұрғын үй сатып алуға (толық елді мекенге), үй салуға, оның ішінде жер телімін алуға;
- 246,1 млрд теңге (12,81%) – ипотека бойынша бастапқы жарнаны енгізуге, ипотекалық қарыз бойынша берешекті толық және ішінара өтеуге және оны қайта қаржыландыруға;
- 262,1 млрд теңге (13,64%) – тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй заемын алуға, сондай-ақ оны толық және ішінара өтеуге және қайта қаржыландыруға;
- 56,3 млрд теңге (2,93%) – сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті толық және ішінара өтеуді қоса алғанда, басқа мақсаттарға. Банктер бойынша:
- «Отбасы Банкі» АҚ ХҚКО – 446 711 өтініш орындалды, арнайы шоттарға 1,87 трлн теңге аударылды;
- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – жалпы сомасы 45,4 млрд теңгеге 18 063 өтінім;
- «Банк ЦентрКредит» АҚ – жалпы сомасы 9,2 млрд теңгеге 5 055 өтінім;
- «Altyn Bank» АҚ – 511 млн теңге сомасына 187 өтініш; • «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ – 401 млн теңгеге 106 өтініш.
Зейнетақы жинақтары есебінен қандай жаңа ғимараттардан пәтер сатып алуға болады?
БЖЗҚ-ға қандай да бір себептермен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін алынған 262,4 млрд теңге және емделуге талап етілген 7,3 млрд теңге қайтарылды. Инвестициялық портфельді басқарушылардың жалпы сомасы 5,44 млрд теңгеге жинақ ақшасын аударуға қазақстандықтардың 2 912 өтінімі орындалды. Басқарушы инвестициялық компаниялар қатарында: «Jusan Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ және «Centras Securities» АҚ, деп хабарлады Б.Уәли.
Дереккөз: inform.kz
