Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Петропавлда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 116 отбасы пәтер алды

338
Spread the love

Жаңа қоныстанушыларға кілтті Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов салтанатты түрде табыс етті. Келешегі зор «Береке» шағын ауданында бес қабатты үй бой көтерді.

116 адам көптен күткен шаршы метрлердің бақытты иесі атанды. Бұл көп балалы отбасылар, жетімдер және ерекше қажеттіліктері бар адамдар. Көптеген адамдар бұл күнді 10 жыл немесе одан да көп уақыт күтті. Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы жалға беріліп отырған үшінші үй. Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы Құмар Ақсақалов бүгінгі таңда халыққа қолжетімді әрі жайлы баспана салу біздің ең маңызды міндетіміз екенін атап өтті. Өңірімізде құрылыс қарқыны мен көлемі жылдан жылға артып келеді.

«Өткен жылы 1000 пәтер берілсе, биыл 1209 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Бұл 20 пайызға артық. Жыл соңына дейін 10 көпқабатты тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз. Жалпы, қаланы дамыту бойынша үлкен жоспарларымыз бар. Тұрғындар қазір көріп отыр жаңа нысандар, әдемі ғимараттар, үйлер бар. Болашақта біз нүкте құруға тоқталмаймыз. Ірі тұрғын үй кешендерін салу жоспарымызда бар», – дейді Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ облыстың бірінші басшысы өз сөзінде биылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бес әлеуметтік бастама аясында «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы қолға алынғанын атап өтті. Кілттерді тапсырғаннан кейін облыс әкімі жаңа қоныстанушыларды аралады. Құмар Ақсақалов әр шаңыраққа бақыт, татулық, отбасылық амандық тіледі.

Дереккөз: http://sko.gov.kz

Бөлісу: