Image
Ақтөбе
Бөлісу:

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 152 отбасы жаңа пәтерге көшті

217
Spread the love

Ақтөбе облысында су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

4245 отбасы 100 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы алды.

152 отбасы қираған тұрғын үйлердің орнына дайын үйлер мен пәтерлерге ие болды.

Мәселен, Үйіл ауданында 68, Әйтекеби ауданында 25, Мұғалжар ауданында 21, ал Темір ауданында 16 жаңа үй сатып алынған.

754 отбасы үйлерін жөндеу және қалпына келтіру үшін өтемақы алды.

1168 отбасына 150 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетіліп, бүлінгеннің орнына қажетті мүлік сатып алынды.

Бөлісу: