Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Көкшетауда 23 көпқабатты тұрғын үй салынуда

1240
Spread the love

Бүгінгі таңда Көкшетауда 23 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр, оның 14-ін биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы брифингте Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса мәлім етті.

Әкім атап өткендей, Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды аспектісі – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

– Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері орындалды. Бүгінде Көкшетауда 23 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Оның 14-і биыл, 9-ы 2025 жылы тапсырылады деп жоспарлануда», – деді Бауыржан Ғайса.

Биыл барлығы 81 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

– Күні кеше ғана облыс орталығында облыс әкімі толық емес отбасылар мен жетім балаларға баспана кілтін табыс етті. Барлығы 63 пәтер кілті үлестірілді. Айта кетерлігі, биыл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлінген. Ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін тағы 129 пәтер сатып алу жоспарлануда, деп түйіндеді әкім.

Дереккөз: inform.kz

Бөлісу: