25 жастағы жігіт Алматыда жалға берілетін пәтерлер туралы жалған хабарландыруларды желіде таратқан

25 жастағы жігіт Алматыда жалға берілетін пәтерлер туралы жалған хабарландыруларды желіде таратқан

11 сентября 2023

325


«Алматыда жалға берілетін пәтерлер туралы жалған хабарландыруларды 25 жастағы жігіт желіде таратқан», — деп хабарлайды info.homsters.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының тұрғыны, 1998 жылы туған азамат Т. қылмыстық іс-әрекет жасады.

Ақпараттық интернет ресурстарды пайдалана отырып, жас жігіт тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған.

– Іс жүзінде жауапкерде жылжымайтын мүлік болмаған. Ол риэлторлық қызмет көрсетпейді.  Мұндай іс-әрекетке барудағы басты мақсат, оңай пайда табуға ұмтылыс болған. Тергеудің осы кезеңінде оның осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның қатысы бар болуы мүмкін басқа да қылмыстарды жоққа шығармаймыз. Осыған орай, аталған тұлғаның әрекетінен зардап шеккен азаматтардың мына телефондар арқылы хабарласуын сұраймыз: 8-705-555-77-63; 8-778-591-91-35», — деп түйіндеді Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Олжас Шәріпов.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратуға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес әрбір адам өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенше кінәсіз деп саналады.

 

 

Поделиться статьей:

11 сентября 2023

325

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.