Атырауда 45 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйден жаңа пәтер кілтіне ие болды.
«Жаңа үйдегі пәтерлерді баспанаға кезекте тұрған Атырау тұрғындары алды. Балалар үйінің түлектері 9 пәтерде тұрады, 14-і аз қамтылған отбасыларға және 22-сі қаланың бюджеттік ұйымдарының қызметкерлеріне бөлінді. Бұл қаламызда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған бірінші үй емес: жыл басынан бері барлығы 300-ден астам пәтер салынды», — деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи.
2017 жылы бюджет қаражаты есебінен Атырау қаласында 37 көпқабатты тұрғын үй салынды, оның ішінде 1617 пәтерлік 29 үй пайдалануға берілді. Қалған 8 үй осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.