Image
Астана
Бөлісу:

8 жыл күту: Астанада бірқатар тұрғын үй кешендері орталықтандырылған газға көшірілді

260
Spread the love

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Астанада газдандыру аясында құрылыс аяқталып, қалалық «газ шеңберін» кезең-кезеңімен іске қосу басталды. Бұл жоба қала тұтынушыларын сенімді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоба «Тұран», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларына, «Үркер» («Ильинка»), «Пригородный», «Өндіріс», «Кирпичный» тұрғын алаптарына жоғары қысымды желілерді қосуды қамтамасыз етті.

Жобаны жүзеге асырудың арқасында «Будапешт», «Космик Сити», «Отбасылық қалашық» көппәтерлі тұрғын үй кешендері автономды қазандықтардан орталық газбен жабдықтауға қосылды. Сондай-ақ, жақын арада Courchevel тұрғын үй кешені қосылады. Бұл үйлердің тұрғындары тұрғын үй кешенін орталықтандырылған газбен қамтуға көшіру туралы қалалық әкімдікке бірнеше рет өтініш білдірген. Табиғи газды пайдалану тұрғындардың жылу ақысын айтарлықтай төмендетеді, сондай-ақ сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етуде туындаған проблемаларды шешеді.

Биылғы күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансасының (ГТС) құрылысы, «Тұран» ГТС бірінші кезегі, ұзақ мерзімді құрылыстың өзіндік түріне айналған ЖЭО-3-тің бірінші кезегі де аяқталды. . Үш жылумен қамту нысанының қуаттылығы 1140 Гкал/сағ. Осылайша, биылғы жылыту маусымында қалада жылу артығы байқалуда.

Келер жылы Тельмана ЖЭО бірінші кезегі мен Тұран ЖЭО екінші кезегін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл қаланы тағы 850 Гкал/сағ жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.

 

Фото дереккөзі: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу: