Image
Атырау
Бөлісу:

Құлсарыда су тасқынынан кейін 867 үй техникалық байқаудан өтті

374
Spread the love

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің мүлкін бағалау жұмыстары жалғасуда, бүгінде тұрғындардан 2733 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысқа 40-тан астам техникалық маман жұмылдырылған, олар техникалық байқау және бағалау жұмыстарымен айналысады, жұмыс аптасына жеті күн жүргізіледі. 26 сәуірден бастап 867 нысанға техникалық байқау жүргізілді, бұл жұмыстар 15 мамырға дейін аяқталады.

Қалпына келтіру жұмыстары басталғалы Құлсарыға 3,5 миллион текше метр су шығарылды, жұмыстарға 2700-ге жуық адам және 125 бірлік сорғыш техникасы жұмылдырылды. 3 мамырдағы жағдай бойынша 2704 нысаннан су толығымен тартылып, сору жұмыстарына 2800 адам жұмылдырылған.

Сондай-ақ Жылыой ауданында су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының шығынын өтеуге өтініштерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде;

Су тасқыны салдарынан мүлкі бүлінген кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеу бойынша кеңес беру орталығы жұмыс істейді;

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы: 87025963810, 87015533290, 87015116717.

Құлсары қаласының 3600 тұрғынына 100 АЕК көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Дереккөз: inform.kz

Бөлісу: