Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Астана әкімдігі тұрғын үй сертификаттарына екі миллиард теңге бөледі

240
Spread the love

«7-20-25» бағдарламасына қатысуға 2400 астаналық өтінім берді. Бұл туралы үкімет отырысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Elorda Info.

Сондай-ақ ол 2019 жылы Астана әкімдігі жергілікті бюджеттен бөлінетін 2 млрд теңгеге тағы 2 мың анықтама беруді жоспарлап отырғанын айтты.

«7-20-25» бағдарламасы аясында 35 млрд теңгеге 2400-ден астам өтініш түсті. Ұлттық банктің мәліметінше, бұл республика бойынша өтініш білдірген қазақстандықтардың 41 пайызы. 22 млрд теңгенің 1520 өтінімі мақұлданды. Сондай-ақ, Астанада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы тұрғын үй сатып алуға құқық беретін тұрғын үй сертификаттары беріледі», – деді Б.Сұлтанов.

Еске салайық, 2018 жылы Астанада мұғалімдер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері әрқайсысы 1 млн болатын 100 сертификат алған болатын.

«2019 жылы жергілікті бюджеттен бөлінетін 2 млрд теңгеге тағы 2 мың сертификат беруді жоспарлап отырмыз», – деп қосты Астана әкімі.

Бөлісу: