Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Шымкент қаласының әкімдігі «Баспана» ипотекалық ұйымымен меморандумға қол қойды.

121
Spread the love

Серіктестік басшысы Қайрат Алтынбеков Шымкентте болды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Айта кету керек, мегаполисте бұл жол бойында қазірдің өзінде сегіз тұрғын үй кешеніндегі 136 пәтер салынып бітті, жыл соңына дейін небәрі 411 пәтер аяқталады.

Меморандумға қол қою 3 қыркүйекте қалалық әкімдікте өтті. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов атап өткендей, қала билігі өз шатырын тапқысы келетіндерге бастапқы жарнаның жартысын, яғни 20 пайызын қайтарымды негізде субсидиялау түрінде көмек көрсетеді.

– Көпшілікке бұл соманы табу қиын, сондықтан әкімдік қосымша екі миллиард теңге бөледі, – деді әкім, – оның 500 миллионы биыл бөлінеді. Бұл жас отбасылар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне баспананы тезірек табуға мүмкіндік береді.

Жалпы, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру екі бағыт – «Жас арман» (жас отбасылар үшін) және «Қамқор баспана» (мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін) бойынша жүзеге асырылады.

– Шымкент қарқынды дамып келеді, – «Баспана» серіктестігінің басшысы Қ. Алтынбеков. Сондықтан баспана мәселесі өзекті болмақ. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы халыққа ипотекалық несие алуға жақсы жағдай жасап отыр. Бұл тұрғын үйді жалдау ақысын төлеуден тиімдірек, әсіресе қала әкімдігі бастапқы жарнаны субсидиялауға көмектесетін болады. Біздің компания да бағдарламаны дамытуға 20 млрд теңге бөліп отыр.

Айтпақшы, 7-20-25 бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстандағы алғашқы орталық Шымкентте жұмыс істейді, барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады.

Тұрғын үй мәселесін шешу үшін бүгінде Шымкентте 175 көпқабатты үй (немесе 9345 пәтер) салынып жатқанын қосамыз, оның 60-ы бюджет есебінен. Сонымен қатар, жеке инвесторлар МЖӘ аясында 40,2 млрд теңгеге тағы 193 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

Дереккөз: http://shymkent.gov.kz

Бөлісу: