Аралдық отбасыларға жаңа баспана кілттері табыс етілді
Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Арал ауданының құрылғанына 95 жыл толуын мерекелеу аясында іс-шаралар жалғасуда. Арал қаласында салынған екі пәтерлі 50 тұрғын үйде 100 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды info.homsters.kz, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін қос мерекемен құттықтады.
«Халықты баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Өңірде тұрғын үй көлемі жыл сайын артып келеді. «Мықты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында өткен жылы 683,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл 692,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.Арнайы қабылданған «Сыр» бағдарламасы аясында Жастары» «Облыста алғаш рет 100-ден астам жас отбасына баспана беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1000 пәтер сатып алу жоспарлануда. Жаңақорған ауданында 50 отбасы баспана кілтін алды. Ал Арал ауданында – 100 отбасы. Бұл халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі», – деді аймақ басшысы.
Тұрғын үйді тапсыру рәсімінде Арал ауданының Құрметті азаматы Оразғали Құлмырзаев ақ батасын берді.
Мердігер мекеменің 4 қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кету керек, «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында сатып алынған пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге арналған. Жаңа үйлер қараша айында толықтай пайдалануға беріледі.