Krisha.kz аналитикалық қызметі мониторинг жүргізілген 13 қаланың 9-ында көрсеткіштердің төмендегенін атап өтті.
Ай сайынғы жалдау ақысының нақты өзгерістері келесідей:
— Павлодарда баға 9%-ға төмендеді;
— Петропавлда 8%-ға;
— Қарағандыда 6%-ға;
— Ақтау және Ақтөбе қалаларында 5%-ға;
— Орал қаласында 4%-ға;
— Алматы және Көкшетау қалаларында 3%-ға;
— Астанада 1%-ға.
Дегенмен, Шымкент пен Атырауда жалға алу бағасы сәйкесінше 3% және плюс 0,7% қымбаттады. Бұл ретте Қостанай мен Өскеменде баға қазан айындағы деңгейде қалды.
Бір шаршы метрді жалдау ақысы ең аз Ақтауда – небәрі 2,5 мың теңге, ал Алматыда ең жоғары – 5,8 мың теңге. Жалдаудың орташа бағасы – 3,2 мың теңге.