Қазақстан банктері теңгемен несиелеуді арттырды

Қазақстан банктері теңгемен несиелеуді арттырды

21 сентября 2017

785


Қазақстанда 2017 жылғы қаңтар-шілдеде екінші деңгейлі банктердің ұлттық валютада несие беруі 5,2%-ға (5,7 трлн теңгеге дейін) өсті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаңтар-шілде айларында теңгемен несие беру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға өсіп, 5,7 трлн. Заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме 2016 жылғы желтоқсандағы 14,5%-дан 13,7%-ға дейін төмендеуін жалғастыруда, бұл олардың қолжетімділігін кезең-кезеңімен арттыруды қамтамасыз етеді», — деді журналистермен кездесуде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. .

Оның айтуынша, банктердің экономиканы несиелендіруі, алдын ала мәліметтер бойынша, 0,7%-ға өсіп, ағымдағы жылдың шілде айының соңында жылдық мәнде 12,8 трлн теңгені құрады.

Банк секторының жиынтық активтері 2017 жылғы 1 тамызда 24 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 49 пайызын құрады. Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 912 млрд теңгені, салымшылардың зейнетақы жинақтары – 7,3 трлн теңгені, немесе ЖІӨ-нің 15% құрайды.

Поделиться статьей:

21 сентября 2017

785

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.