Семейде 140-тан астам көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Семейде 140-тан астам көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

9 июня 2023

768


Абай ауданының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі үйлердің құрылысының жоспарын айтты.

«Облыс бойынша 19 мыңнан астам адам, Семей қаласында 13 817 адам, оның ішінде 2 370 адам көп балалы отбасы санатында тұрғын үй кезегінде тұр. Жалпы ауданы 459 000 шаршы метрді құрайтын 66 көпқабатты тұрғын үйдің (3 683 пәтер) құрылысы жүргізілуде», — деді Нұрлан Ұранхаев Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада өткен брифингте.

Оның айтуынша, алдағы үш жылда тағы 148 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 6,8 мың отбасына жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді.

«Облыста 2022 жылы оқушылар орнының тапшылығын (8,7 мың орын) азайту үшін 1700 орындық 4 мектеп (Степной ауылында 300 орын және Шығыс кентінде 1200 орын, Шығыс кентінде 100 орын) салынды. Жарма ауданы Қапай батыр ауылы және Бесқарағай ауданы Жыланды ауылы). Жеке инвестиция есебінен Семейде 650 орындық мектеп ашылды. «Жайлы мектеп» пилоттық республикалық жобасы (42,7 млрд теңге) аясында 2023-2025 жылдары 5,7 мың орындық 11 мектеп салу жоспарлануда. Биыл 5 мектептің құрылысы басталады», — деп қосты әкім.

Дереккөз: inform.kz

Поделиться статьей:

9 июня 2023

768

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.