Жамбыл облысында 250-ден астам отбасы баспаналы болды

Жамбыл облысында 250-ден астам отбасы баспаналы болды

17 июля 2024

1166


Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Талас және Қордай аудандарында тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 252 отбасы пәтер кілтіне ие болды. Қаратау қаласында екі көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде кезекте тұрған 192 талапкер жаңа баспананың бақытты иесі атанды. Жыл басында 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Талас ауданының әкімдігі кезекте тұрған 1487 азаматтың баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қордай ауданында 60 азамат пәтер кілтіне ие болды. Олардың қатарында әлеуметтік жағынан осал азаматтар мен кезекте тұрғандар бар.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында биыл 2909 пәтерлік 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 54 үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан 345 пәтер және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ есебінен 1221 пәтер сатып алу жоспарлануда.

Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен 1105 пәтерлік 14 тұрғын үй салынуда.

Жалпы, ағымдағы жылы кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 227,1 пайызға (2023 жылы – 100,2 пайыз) арттыру жоспарлануда. 2173 шаршы метр жалдамалы тұрғын үй (2023 жылы – 1122 шаршы метр), әлеуметтік несиелік тұрғын үй – 2151 шаршы метр (2023 жылы – 782 шаршы метр).

Поделиться статьей:

17 июля 2024

1166

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.