Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылы 3 мыңнан астам отбасы пәтер кілтін алады

529
Spread the love

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров мәлім етті.

«Жұмыстың маңызды блоктарының бірі – азаматтарымыздың өмір сүруіне жайлы жағдай жасау. Бұл – тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, білім мен медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеру, жұмысқа орналасуға көмектесу. Өкінішке қарай, өткен жылы облыста жоспарланған тұрғын үй көлемі аяқталмай қалды. Біз кемшіліктерді ескеріп, мәселені шешу үшін мүмкін болатын шараларды қабылдадық. Құрылысты аяқтап, бюджеттік үйлердің инженерлік желілерін тартуға қосымша қаржы бөлінді», – деді А.Сапаров.

Оның айтуынша, қазір облыста 36 көпқабатты тұрғын үй салынуда, оның ішінде 16-сы коммерциялық. 2023 жылға арналған тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 300 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс сапасына нұқсан келтірмей, тұрғын үйлердің уақытында пайдалануға берілуіне барлық жағдай жасалуда. Жыл соңына дейін 3 мыңнан астам отбасы пәтер кілтін алады. Оның ішінде 702 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінеді. Оның 140-ы жетім балаларға беріледі.

Әкім көрсетілген көлемдер жеткіліксіз екенін де атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысының мәліметінше, 20 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр, оның төрттен үш бөлігі облыс орталығында. Сондықтан тұрғын үй құрылысының көлемі жыл сайын арта бермек.

Дереккөз: inform.kz

Бөлісу: