«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы биыл да жалғасын таба ма
«Алматы жастары» жеңілдетілген несиелендірудің қалалық бағдарламасы биыл да жалғасын таппақ. Бұл туралы әкімдікте мәлім болды.
«Жеңілдетілген несиелендірудің қалалық бағдарламасы «Алматы жастары» биыл да жалғастыру жоспарлануда. Өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталуы, бір жылға арналған бағдарламаның талаптары туралы ақпарат Алматы қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады», – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Осы бағдарлама аясында кем дегенде 1000 жас отбасын қамту жоспарлануда.
Еске салайық, өткен жылы жас мамандарға жеке пәтер сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік беретін «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжаттарды қабылдау наурыздың 10-ы мен 31-і аралығында www.almaty-zhastary.kz сайтында өткен болатын. . Сондай-ақ 2021 жылы «Алматы жастары» үшін несие сомасы 13 миллион теңгеден 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Бағдарламаға қатысуға 9741 өтініш берілген.
Дереккөз: inform.kz
Сонымен қатар оқыңыз:
https://info.homsters.kz/kak-oformit-ipoteku-mnogodetnoj-seme-v-kazakhstane/