Қарағанды облысының Осакаровка кентінде биыл төрт 18 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Озерное, Ералы, Пионерское ауылдарында және жетінші кезең Осакаровка ауылында су желілерін тарту жұмыстары жалғасады.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыс әкімі Руслан Нұрмұханбетов 2022 жылдың қорытындысы мен Осакаров ауданын одан әрі дамыту жоспарлары туралы хабарлады.
Тұрғын үй мәселесін шешпейінше, ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын көтеру мүмкін емес. Биыл ауданда 8100 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек, бұл 2022 жылдың деңгейінен 2 есеге артық.
«Осакаровка ауылына келсек. 18 пәтерлік төрт жалдамалы үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Тағы екі 18 пәтерлік тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы түзетілді. Өткен жылы мұнда екі пәтерлі бір қабатты алты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Биыл жеке инвестиция есебінен салынған 18 пәтерлі бір тұрғын үйді сатып алу жоспарлануда», — деді Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов.
Сондай-ақ Осакаровка ауылының оңтүстік-шығыс аймағында жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 200 жер телімін қамтиды.
Биыл Балқаш қаласында 30 тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарлануда
Ауыл тұтынушыларын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Озерное, Ералы, Пионерское ауылдары мен Осакаровка ауылының 7-кезегі бойынша су құбырларының құрылысын аяқтау үшін Ұлттық қор мен облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Николаевка, Сенокосное, Садовое және Трудовое ауылдарында су құбырының құрылысы басталады.
Есіл, Сарыөзек, Ошағанды елді мекенішілік жолдар жөнделеді.
Молодежное ауылындағы «Айгөлек» балабақшасына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша өңірде қыруар істер атқарылмақ. Ақбұлақ ауылындағы мектепті жөндеу жұмыстары басталады. Озерное, Батпақты, Садовое ауылдарындағы мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтеді. Озерное ауылындағы ФАП құрылысы аяқталады.
Сонымен қатар, 2023–2024 жылдары Сарыөзек, Ошағанды, Ақпан, Звездное және Шұңқыркөл ауылдарында медициналық мекемелердің құрылысын бастау жоспарлануда.
Молодёжный кентіндегі аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
Дереккөз: inform.kz