Ақтөбеде өтіп жатқан урбанистер форумында «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова 5-10 жылдан кейін Қазақстандағы тұрғын үй нарығында болуы мүмкін өзгерістер туралы айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанда 29 бен 39 жас аралығындағы азаматтар ең белсенді тұтынушылар болып табылады және олар тұрғын үй нарығына әсер етеді. Алайда олардың саны 5 жылдан кейін күрт азаяды.
– Қазақстанда 29 бен 39 жас аралығындағы азаматтар белсенді тұтынушы болып табылады, осы кезеңде адамдар ең жоғары табысқа жетіп, тауарлар мен қызметтерді белсенді тұтынады. Қазір Қазақстанда 3 миллионнан астам адам бар. 5 жылдан кейін олардың саны 1,7 миллион адамға, 10 жылдан кейін 1,3 миллион адамға дейін қысқарады. Бұл тұрғын үй нарығына үлкен әсер етеді. Көбірек үнемдеп, аз тұтынуға шақырамыз», — деді Ибрагимова.